«Бауыржан шоу» арқылы көпшіліктің жүрегінен орын алған актер Әбунасыр Серіков осыдан 10 жыл бұрын «Нысана» театрын ашқан болатын. Алайда, қазіргі таңда театр Әбунасыр мырзаның денсаулығына байланысты үнсіздікке тап болды. Ал, актердің өзі қазақстандық киноларда басты рөлдерді сомдап жүр.
Әбунасыр Серіков, актер:
«Жақында Өзбекістаннан келіп кетті продюсері. Солар Қазақстанме совместно түсірейін деп жатыр. Ол жерде бір рөлім бар. Қазір Асқар Ұзабаев түсіру керек еді махаббат жайлы киноны. Оны тоқтаттық. Себебі Даниярдың өткенде әжесі қайтыс болды. Артынан атасы қайтыс болып, кино тоқтап, мартқа қойдық».


Қазіргі таңда әнші, актер деп көпшілік ешкімді бөліп жармайды. Иә, әншілер киноға түсіп жүрсе, актерлар ән айтып жүр.
«Мен де бейнебаян түсіргенмін. Бірақ әлі көрсеткен жоқпын. Оны 2005 те түсіргенбіз. 1-2 каналға бардық енді. Каналдағылар сүйісетін жерлері бар екен, анау-мынау. Мен айттым да өмірде жақсы көрген адам енді сүйеді ғой. Сосын олар көрейік деді. Бірақ қайтадан бармадым».


Аталмыш туынды жарыққа шықпаса да, Серіков мырза су жаңа әнге бейнеклип түсірмек. Әрине, сөзі дайын болған соң.
«Өзімде бір екі-үш ән бар. Керемет. Бірақ оның сөзін жаздыру керек. Сөзді әрі әзіл, әрі астарымен, әрі өмірден алынған».


Талай жыл халықты астарлы әзілдермен күлдірткен Әбунасыр өзін әлі де актер деп санамайды.
«Менің арманым көп. Әлі арманыма жете алмай жатырмын. Мен әлі өзімді айтамын ба? Актер деп санамаймын. Актер деп мысалы Асанәлі атамызды, Тұңғышбай атаны, Әмина Өмірзақов, Қожамқұлов, Шәкен Айманов аталарымызды айтуға болады. Ал мен әлі, қайда бізге жұмыс істеу керек қой».


Айтпақшы, жуырда Серіков мырза продюсерлердің қатарына қосылмақ.
«Идеялар бар менде қазір. Екеу, үшеу тұр. Жазу керек. Мен көбінесе басыма сақтаймын. Жақында тағы ьір Алла тағала берді. Ол керемет болады. Ондай фильмді ешкім түсірген жоқ».


Қалай сонда ешкім түсірмеген?
«Оны айтуға болмайды. Оны айтсам, идеяны біліп қойып, тыңдайды да барлығы жазып жібере салады ғой»


Жарайды, ойыңызбен бөліскіңіз келмес, шынымен де тұрарлық жұмыс болар. Ендеше, алдағы уақытта көре жатармыз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар