Еліміздің белгілі спортшысы Ардақ Назаров әлемдік дәрежедегі жарыстарда топ жарғаннан кейін, өз тәжірибесімен бөлісу үшін 2013 жылы «Әлем Файтерс» кәсіпқой спорт мектебін ашты. Мектептің басты мақсаты- қазақтың қайсар жігіттерін әлемдік жарыстарда жеңіске жеткізу. Ал, күні бүгін спорт жанашыры Қаскелең қаласында үшінші мектебін ашуда. Көп ұзамай, спорт ордасы өз жұмысын бастайды. Айтпақшы, осыдан 10 күн бұрын, Ардақ Назаровтың інісі Бейбіт Назаров АҚШ-та Титан FC тұжырымы бойынша 77 кг салмақта әлем чемпионы атанды. Ал, ендеше қош қуанышпен құттықтаймыз. Алға, жігіттер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар