Еліміздің ерке қызы Мақпал Жүнісова және Кенжебек Жанабілов Арман Бексұлтанның әніне, Ринат Заитовтің сөзіне жазылған «Бақытты болындар» атты әнге бейнебаян түсіруде.

Бұл күнді Кенжебек мырза бала кезінен армандапты.
Мақпал Жүнісова және Кенжебек Жанабілов, дуэт:
«Бұл кісімен енді шыны керек, кішкенттай кезімізде армандайтын тұғынбыз бірге өлең айту былай тұрсын, көріп, осы кісінің қолтаңбасын алсақ деген арман болатын. Бірге сахнада жүру Алланың бағымен бұйырған».


Әрине, Мақпал ханым әр дуэтке келісімін бере бермейді. Алайда, Мұзарт тобының әншілеріне әрдайым жол ашық.
«Қандай әдемі әндері бар. Қандай әдемі репертуар талғап жатыр қазір Кенжебек. Сондықтан да Сәкен айтамын десе, Сәкенмен де айтуға болады. Мейрамбек айтамын десе, Мейрамбекпен те айтуға болады. Бірақ ең бірінші ұсыныс түскен Кенжебектен. Сондықтан да мен Кенжебекпен келісе кеттім».


«Бақытты болындар» әні жас жұбайларға арналған. Сондықтан да, дуэтті тойларыңызға шақырсаңыздар болады.
«Бірге тойға шақырып, екеумізге бірдей гонорар төлесе, барамыз. Иә болмаса енді бөліп алармыз енді, барамыз. Тегін де барып жатқан тойларымыз көп».


Әдемі ән тілектерге толы.
«Ақ отауға қоныңдар. Болсын әрдайым өмір бал. Қол ұстасқан қос ғашық шын бақытты болындар дейді».
Дәл қазір айтылып өткен тілектер МұзАртLife тобының әншісі Серікболсынға арналыпты.
МузАрт life тобы:
«Тобымыздың әншісі Серікболсын үйленіп жатыр. Бұл ерекше той болмақ. Өйткені бұл тойда үш дружок болайын деп тұр».


Әншілердің жұмысы көбісі ойлағандай оңай емес. Мысалы, Мақпал ханым екі күн көзін ілмеген. Алайда, оның да шешімі бар.
«Бұны миллиондаған адамдар телеарнадан көргенде біздің көзіміздің жанарымызда от болмаса дұрыс болмайды. Сондықтан қазір Санди Бексырға деген сіңіліміз көзімізге от пайда қылатындай мэйк-ап жасайды. Үлкен мұрнымызды кішірейтеді, мына майлардың барлығын алады. Сосын әдемі болып шығамыз».


Отау құрып жатқан Серікболсын бұл жайғдайды өзі түсіндіріп өтті.
МузАрт life тобы:
«Енді бұл жерде жігіттер әрине қалжындап жатыр. Біз Кенжебек ағамыз бен Мақпал Жүнісова апайымызбен клипіне түсіп жатырмыз. Бізде Сұлтан дружок. Ал мен күйеу бала».
Ал, Серікболсын бейнеклипте кімге үйленгенін алдағы уақытта белгілі болады. Ендеше бейнебаян дайын болған соң, бағасын берерсіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар