Өткен жұмада еліміздің әншісі Ескендір Ибрагим Мәскеу қаласына жол тартқанын айтқан болатынбыз. Жо-жоқ аталмыш сапардың басты мақсаты гастроль емес. Ибрагим 9 желтоқсанда бокстан дебюттік жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Ол Қырғызстандық қарсыласы Шерғали Шақтановты 2 раунда нокаутқа жіберді. Айта кетейік, Ескендір бұрын бірнеше жыл Аманжол Бақаевтың қамқорлығында әуесқой бокспен айналысқан. Ал, кәсіпқой бокстағы бапкері Жалғас Төкешов. Айтпақшы, қазіргі таңда экс-әнші қызу дайындық үстінде. Өйткені, ол 30 желтоқсанға жоспарланған Фируза Шарипованың андеркардында кәсіпқой рингтегі екінші кездесуін өткізбек. Ендеше, Ибрагим Ескендірді жеңіспен құттықтаймыз. Алдағы жекпе-жекте де Фируза екеуіңіз Қазақстанның көк туын желбіретерсіздер деп сенеміз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар