Халықтың сүйікті қызы Алтынай Жорабаева елордада «Астанаға арнау» атты шығармашылық кешін өткізді. Концертте ҚР Қорғаныс Министрлігінің оркестрінің сүйемелдеуімен 20-ға жуық әндер орындалды. Әрине, бұндай жауапты күн қобалжусыз өтпеді.
Алтынай Жорабаева, әнші:
«Жауапкершіліктен шыға алмай тұрмын. Қорыққанымнан 3 минутта киінген кезде миымдағы бүкіл тек қана сценарийдің барлығын жаттап, әндерімді жаттаған болатынмын. Енді өте сенімді болғанмын. Сахнаға шыққан кезде сөздерді де ұмытып та қалдым. Енді оны халық түсінеді деп ойлаймын».


Әнші концертке қызу дайындалды. Тіпті, соңғы күндерде үйде түнемеген.
«Кешегі күнге дейін үйден кетіп қалып, қонақ үйде түнеп, сол жерде ән жаттадым, сөз жаттадым».


Кешке Алтынай ханым тек әнін жаттап қана дайындалған жоқ. Әнші спорт жағына да мән берген. Иә, иә арнайы тіктірілген киімдерді концерттің алдында жөндеуге тура келді.
«Оның үстіне салмақ қуып, кішкене арықтап. Сол кезде алынған размерлерімізден көйлектерім үлкен болып қалған. Соны келіп тікті. Соның барлығы осы кезге дейін жалғасты».


Айтпақшы, кеште өнерпаздар көп болды. Оның біреуі мына төрттік. Арулар осындай жағдайға тап болды.
Гүлнұр Оразымбетова, әнші:
«Бізде ең ыңғайсыз жағдайға қалдырған ол биші жігіттердің сахнаға шыққаны. Біз би болады деп ойлаған жоқпыз. Оның үстіне танго. Негізі оған дайындалу керек, ескерту керек еді бізді иә».


Сөйтсек, аруларымыз да кінәсіз емес екен. Осылайша, кештің режиссеры Алтынбек Рахметов олардан баяғы өшін алыпты.
Алтынбек Рахметов пен Гүлнұр Оразымбетова:
«Алтынбек Рахметов бүгінгі кештің режиссеры. Мәссаған бізді ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Мына қыздардың төртеуіненде ала алмай жүрген өшім болған. Сол өшімді бүгін алдым. Дайындыққа шақырсам, келмейсіндер. Саған екіде кел дедім, сағат 6 да келдіндер. Мәне получите дедім. Бірақ әртіс болғаннан кейін барлығын алып шықтындар. Әртістіктерінді көрсеттіндер».

Иә, концерттерде осындай қызықтар болып тұрады. Ең бастысы, көңіл түсірмеу.

Ал, Той Думан арнасы Алтынай Жорабаеваны есеп беру кешімен құттықтайды!

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар