Кейбір әнші бір әнімен танымал болса, басқа әншілер көп уақыт бойы сахнаға талпынса да, бақтары жанбайды. Ал, бүгінгі кеіпкеріміз- Рауза Аман бір кездері бағы жанып, сахнаны бағындырса да, көп ұзамай көрінбей кетті. Алайда, Рауза оралды, «Өкпем жоқ» туындысымен.
Рауза Аман, әнші:
«Бұл әнді композитор қыздарыңыз Индира Елубаеваның орындауында естідім ғаламтордан. Өзім ұнатып, жүрегіме сөздері қатты тиді. Сосын Индира әпкеме ұсыныс жасадым маған осы әніңізді берсеңіз, өйткені осы ән ұнады, бейнебаян түсірейін деп едім деп».


Рауза, аталмыш туындыны беріліп айтқаныңыз көрініп-ақ тұр. Сонда, біреуге арналған ба?
«Сондай сезімдер болған ғой».


Алайда, бұл әншінің алғашқы бейнеклипі емес. Оның алдында Рауза Павел Лидің «Ты» әніне бейнеклип түсірген. Ал, алғашқы туындысын Бағым Михитдинова жазыпты.
«Бір жақсы қырын айтайын ол кісі ән жазады. Композиторлық қасиеті бар. Сол кісі маған жазып берді «Боль пройдет» деген орысша ән. Соған бейнебаян түсіргенмін ең алғашқы рет».


Бірнеше жыл сахнадан тыс қалған әнші телевидение саласында жұмыс істепті. Алайда, жүректің қалауы – сахна болып шықты.
«Музыка енді басымшылдық болып тұрғаннан кейін мен үнемі өзіме айтатынбын неге неге мен мана жақта жүрмін? Неге мен өзімді әндеріме арнамаймын деп, мен былтыр басты жаңалығым осы шығар мен кетіп қалдым телевидениядан, барлығынан. Қазір маған кел телевидениеда жұмыс істе десе де, мен бармаймын. Өйткені мен тек қана өнеріме көңіл бөлгім келеді».


Қазіргі таңда әнші қызу дайындық үстінде. Өйткені, Раузаның қоржыныда 14 ән бар екен. Солардың ішінен ол бірнеше ән таңдап бейнеклип те түсірмек. Ендеше, сәттілік!

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар