Әншілік пен сазгерлікті қатар алып жүрген Марат Омаров Астананың 20 жылдық дамуына музыка саласында қосқан үлесі үшін «Астана-Ардағым» мерейтойлық сыйлығымен марапатталды.
Марат Омаров, ҚР еңбек сіңірген әншісі:
«Ал енді мынау марапат мен ойлаймын Астананың 20 жылдығына орай беріліп жатқан үлкен марапат. Негізінде шынымен айтсам сол о бастан Астана болған кезде алғашқылардың бірі болып бардық Астанаға».


Аталмыш марапттауды Марат мырзаға сазгерлік өнері үшін табыстапты.
«Осы Ақмола Астана болып арнайы ауыстырылғаннан кейін ең алғашқы әнім «Арман қала Астана» деген әнім болатын. Бұ әннің сөзін жазған Ербол Шәймерденов. Шын айтсам, мынау марапаттың негізгі ағамыздың сөзіне жазылған, өзі жоқ болса да өмірде сөзі қалған мәңгілікке. Соны айта кету керек деп ойлаймын».


Қуанышында шегі жоқ өнерпаз алғысын білдіруде.
«Осыны ұйымдастырып отырған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлына рахметімізді айтқымыз келеді. Осындай марапат беріп, оның үстіне үлкен премия. Бұл сазгерлік осы 20 жыл бұрынғы жазылған әнімізді бағалап халықпен бірге кеше ғана үлкен марапттау болды. Бұл жеңіс халқымның жеңісі деп ойлаймын».


Айтпақшы, «Астана - Ардағым» сыйлығы 20 номинация бойынша берілді. Ал, іріктеу ашық дауыс беру арқылы жүзеге асты. Иә, иә әр жеңімпаз қомақы сомманың иесі атанды.
«Әр қайссына 1 млн теңге ақшалай сыйлық берілді. Бірақ ең бастысы беріліп жатқан атақ, абырой».


Ендеше, біз Марат Омаровті құттықтаймыз. Астанамыз өркендей берсін!

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар