Қорқақтарға ән арнаған Нұрболат Абдуллин «Сен қорқақсың» атты концертімен еліміздің біраз жерлерін аралады. Алайда, әнсапар біткенімен, әнші халықтың сұрауымен қайта жолға шықпақ.
Нұрболат Абдуллин, әнші:
«Біз 2 ай «Сен қорқақсын» гастрольдік сапарды тоқтатқанбыз. Енді халықтың сұрауы бойынша Ақсу және Павлодар қаласында 18,19 желтоқсан күндері концертіміз болады».


Нұрбуллин сіздерді шақырады.
«Павлодарлықтар, Ақсулықтар келіңіздер. Қалмаңыздар, от болады».


От болу үшін не істейсіз сонда, Нұрболат?
«От болу үшін ол жерде барымды саламын. Терлеймін. Еңбектің тері деген өте керемет қой».


Ал, гастрольдік сапардан кейін жаңа жыл мерекесі де келіп қалады. Алайда, әнші аталмыш күнді отбасымен қарсы алмайды.
«Жаңа жылда үйде болмаймын. Жаңа жылда сырт жақта боламын. Жалпы 5-6 күндік бизнес».

Бизнес деп отырғаны әрине өнерге қатысты.
«Қалай айтсақ болады. Той бизнес. Мерекелік шаралар. Барлығы тойлайды, біз сонда қызмет етеміз».


Иә, иә әншілер-халықтың алдында қызмет етеді. Ал, ендеше Абдуллинге Той Думан арнасы сәттілік тілейді. Айтпақшы, кештен қапы қалмаңыздар, Нұрболат сіздерді күтеді!

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар