2012 жылдары Сержанәлі Әлібектің әндері барлығын вальске шақыратын. Алайда, соңғы 3 жыл ол сахнадан жоғалып кетті. Оның себебін әнші былай түсіндіруде.
Сержанәлі Әлібек, әнші:
«3 жылдың көлемі болып қалды бейнебаян түсірмегелі. Себептерге байланысты енді үйдің тірлігі. Өзімнің жеке басымдағы тірліктер. Бейнебаян түсіруге еш уақыт болмады. Шынымды айтсам творчествоға кішкене ұзақтап қалдым».


Сөйтсек, әнші жігіттік міндетін атқарып, үйлі болды. Әрине, үйге жылулық беретін әйел. Иә, иә сұрбойдақтардың қатарында жүрген Сержанәлі отбасын құрды. Бұл туралы әнші өз инстаграм парақшасында жариялап, құттықтаушыларға рахметін айтты. Әзірге Сержанәлі мырзаның жүрегін жаулаған арудың кім екені белгісіз жуырда оны біліп назарларыңызға міндетті түрде ұсынамыз. Сондықтан, Той Думан арнасы қосулы болсын. Ал, осы орайда, Әлібек мырзаға бақыт тілейміз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар