Тойларымыздан өзбек әндерін ысырып, елімізді қазақ туындыларымен қуантқан Заттыбек Көпбосынұлы қызына ән арнапты.
Заттыбек Көпбосынұлы, әнші:
«Серікзат Дүйсенғазиннің өлеңіне жазылған «Жақыннан да жақынсың» деп аталатын әнге бейнебаян түсірдік. Бұл ән Серікзат өзінің қызына арнап жазған. Ал мен әнді өзімнің қызыма арнап жаздым».


Жақыннан да жақынсың деген ұғымда мынадай сыр жатыр.
«Жақыннан да жақынсың деген ол қалай айтсақ екен? Одан артық жақын, одан артық сенің жүрегіңді жұбататын, қуантатын, одан артық сенің қызығың жоқ секілді».


Әрине, 10 жыл күткен бүлдіршінге қандай ән арнаса да, жарасады.
«Айзере. Қазір алтыға толады. Енді ол қызымызды күткеніміз бір 10 жылдай ғой. 10 жылдан кейінгі үлкен қуанышымыз болып келген қыз».


Аталмыш туындыны қызына арнаған соң, Әйзерені бейнебаянға түсірді.
«Бейнебаянда қызым, сосын өзімен бірге өсіп келе жатқан бауырлары, достары және мен».


Әншілердің көбісі қазірга таңда гастрольдік сапарға шықты. Алайда, Заттыбек мырза емес.
«Гастрольдік сапарға мен осы 9-10 жылдың көлемінде, биыл көктемде де біраз жерді аралап келдік. Бірақ осы күзгі жаңа жылға дейінгі уақыттарда мен гастрольдік сапарды белгілеген жоқпын. Оның да өзіндік себептері бар».


Оның бір себебін әнші былай түсіндіріп өтті.
«Жақсы тағы да бір жаңалық жасау керек шығар. Әрине әндер жасалып жатыр ғой. Бірақ дегенмен тың бір жаңалық болатындай дүние іздеп жүрген жағдайымыз бар. Құдай қаласа келесі жылы тағы да халықпен байланысымызды жалғастырамыз».

Ал, сіздер бейнебаянды көріп үлгермесеңіздер, Youtube-тегі Той Думан каналынан таба аласыздар. Ендеше, біз Заттыбек Көпбосынұлыны құттықтаймыз. Сапалы дүниелеріңіз көп болсын!

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар