Қазақ киносының классикасына айналған "Қыз Жібек" фильмінде Төлегеннің рөлін сомдаған актер Құман Тастанбеков өмірден озды. Құман мырзаны танымал еткен Сұлтан Қожықовтың "Қыз Жібек" фильмі 1969-1970 жылдары түсірілген болатын. Түсірілім алаңында ол болашақ жары Қыз Жібектің рөлін сомдаған Меруерт Өтекешованы кездестірді. Актер бұдан басқа "Аққулар ұшып келеді", "Махаббат жаңғырығы", "Провинциялық хикая", "Ағама арналған қалыңдық", "Көшпенділер", "Махамбет" және т. б. фильмдерге түскен. Ал, театрда Мұхтар Әуезовтің "Айман-Шолпан", "Қарагөз" және "Еңлік-Кебек", Шыңғыс Айтматовтың "Ана-Жер-Ана", "Ақ кеме", Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Қан мен тер" және басқа да көптеген спектакльдерде түрлі рөлдерді ойнады. Айта кетейік, Құман мырза 1945 жылдың 10 наурызында Талдықорған облысы Покатиловка ауылында дүниеге келген. Қазақтың Төлегені 72 жастында дүниеден өтті. Күні бүгін абыз ақсақалды ақтық сапарға шығарып салды. Осы орайда, Той Думан арнасы Құман Тастанбековтің отбасына қайғырып көңіл айтады.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар