Әдемі әндерімен көпшіліктің жүрегінен орын алған Ғаділбек Жаңай көктемде Алматы қаласында концер өткізген болатын. Аталмыш кеш жалғасын Астана қаласында тапты.

Айтпақшы, кеште 20-ға жуық туындылар орындалды. Алайда, Ғаділбек Жаңайға ол жеткіліксіз болып қалған секілді.
Ғаділбек Жаңай, әнші:
«Шынымды айтатын болсам, ерте бітіп қалған сияқты тез. Қимай тұрмын. Енді сөзім жоқ. Эмоция жоқ болып тұр тіпті».

Әрине, туындылардың барлығы жанды дауыста, бэндттің сүйемелдеуімен орындалды.
«Шынайы дүниенің аты шынайы дүние. 1-ші концерттің алдында 7 күн дайындалғанбыз. Осы 2-ші концертке 3 күн дайындалдық. Оның алдында портитураларын жазды әр әннің, соны өздері дайындалды. Біз барлығымыз бірге 3 күн дайындалдық».


Иә, иә тура өзінің туған күнін әнші сахнада өткізді.
«Концерт болады дегеннен кейін осы залды сұраған кезде осы күн бос екен. 17-сі береміз деді. Ол күні туған күнім ғой менің кәдімгідей бір сыйлық болды негізі».


Ғәділбек сахнада өзге әншілер сияқты ерекшеленген жоқ. Керісінше келген қонақтармен сырласу үшін еркіндікті қалап, киімін аса ауыстыра бермеді.
«Мен мынау ұзын көйлек кидім бүгінге. Себебі еркін концерт болсыншы дедім. Содан кейін алдын ашып, кішкене еркіндеу. Екі әннен кейін костюмді шешіп, еркін болайықшы деген. Концерттің форматы да солай. Ұзын кішкене, емін-еркін жүретін, бір жері ашылып қалмайтындай қылып тіктірдік».

Кеш керемет өтті. Әрине, толғандыратын да, билететін де әндер орындалды. Олардың барлығы бастысы тыңдармандардың көңілінен шықты. Ендеше, құттықтаймыз. Алар асуларыңыз көп болғай.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар