Димаш Құдайберген Қытай халқын өнерімен таң қалдырып, қазіргі таңда әлемдік турне де жүр. Әрине, елімізде осындай дарынды өнерпаздар жоқ емес. Олардың бірі-Хассақ этно-фольклорлық ансамблі.

Соңғы 2,5 айда Хассақ 5 мемлекетте концертті қойды. Ол Түркия Стамбулда, Кореяда, Қытайда 2 рет болдық, Лондонда болдық. Мына соңғы концертіміз Пекин консерваториясында болды.
Арнамызға берілген бір сұхбаттарында олар «Ана жүрегі» атты туындыға бейнеклип түсіріп жатқанын айтқан болатын. Алайда, уақыт өтсе де, нәтижесін әлі де көрмедік.
«Клипіміз түсіп жатыр. Өйткені оған дейін біз айтқан болатынбыз осы арнада клипіміз түсіріліп жатыр деп. Бірақ ол клип бізге ұнаған жоқ».


Жарайды, сіздерді сөзінде тұрмайтын топтардық қатарына қоспаймыз. Әйтеуір, режиссермен реніштеріңіз жоқ па?
«Сапа жағынан ұнаған жоқ. Көңілімізден сюжетіміз де шыққан жоқ. Біз ойлағаннан басқаша болып шықты. Оған түрлі-түрлі себептер бар. Ешкімді кіналамаймыз. Әрине бұл жұмысы барысынан кейін бірде сәтті, бірде сәтсіз болады».


Топтың ренжімегені соншалық, тіпті жұмсалған қаржыны қайта алмапты.
«Мәселе сонда. Қайтарылмады. Бірақ енді сондай көп ақша кеткен жоқ. Сондықтан оған біз ренжіп те тұрған жоқпыз».


Ер кезегі үшке дейін демекші, қазіргі таңда бейнебаянның жұмысына туындының атворы Серік Нұрмолдаев кіріспек.
«Енді бейнебаянды сол шығарманың авторы Серік Нұрмолдаев өзі режиссер ретінде де тәжірибесі бар және композитор ретінде де. Ол да жақсырақ сезінеді деп ойлаймыз».

Қазіргі таңда Хассақ қызу дайындық үстінде. Жо-жоқ тек өнер жағынан емес, стиль жағына да олар көп мән береді.
«Жаңа костюмдеріміз міне осы тігіп қойдық. Не сол клипке жаратамыз. Немесе тағы бір Хассақ ансамблінің авторлық «Құрманғазы» деген туындысы шыққан болатын. Оның тұсауын Қытайда және осы қазақ елінде де кестік үлкен қауымның алдында. Не сол шығармамызға клип түсіретін болармыз деп өзіміз ойлаймыз».


Осы туындыларыңыздың сапасы жоғарғы деңгейде болады деп үміттенеміз. Ең бастысы - халыққа ұнаса болды емес пе? Ендеше, сәттілік.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар