Мөлдір Әуелбекова-сахнада өзіндік стилі бар, актриса ретінде де танылған әнші. Алайда, ол өзі ғана ән айтпай, басқаларға да осы мүмкіндікті сыйламақ болып, қыркүйек айында герлсбэндке кастинг жариялаған болатын.

Алайда, екі-үш ай Мөлдір үнсіз қалды. Сөйтсек, әнші іріктеу жүргізіп, жаңа құрамды таңдапты. Иә, иә шоу-бизнесте жаңа төрттік. Ал, топтың аты «Nazar». Жоқ, бұл «Назар аудар» көңілді тапқырлар клубы емес. Бұл 4 арудан тұратын жап-жаңа топ. Ендеше, алдағы уақытта Мөлдірдің продюсерлік жұмысының нәтижесін көре жатармыз. Ал, құтты болсын!

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар