Елордада «Бизнес по по-казахски в Америке» комедиясының тұсаукесері өтті. Аталмыш туынды «Бизнес по-казахски» киносының жалғасы ретінде АҚШ-та түсірілген. Ал, басты рөлдердің бірін сомдайтын әрине Нұрлан Қоянбаев.
Нұрлан Қоянбаев, актер:
«Өте маңызды күн. Өйткені көрермен үшін кино түсірдік. Енді премьераның да уақыты келіп қалды. Осы 4-5 күнде 28 желтоқсаннан бастап барлық көрермендерге көруге болатындай жағдай болады».
Әрине, маңызды күнде актер уайымдап тұр.
«Әрине бүгін ұайымдап тұрмын. Өйткені барлық өнерде жасаған жұмыстарым үшін ұайымдаймын. Ол тв-дағы жұмыс болсын, КВН болсын, кино, барлығында әрине ұайымдаймын. Көрерменге ұнайды ма екен деп?».


«Бизнес по-казахски» киносы 2016 жылы жақсы касса жинаған болатын. Туынды бұл жолы да сондай жетістікке жетер ма екен?
«Жалпы өнерде жүрген кезде қанша ақша табады екенмін деген ой туындаса, ол өнер болмайды. Жалпы жақсы өнре болса, мысалы сахнада болсын, тв да болсын, егерде өзіне бұл жұмысқа шын ниеттеніп жақсы әзіл шықсын, жақсы кино шықсын деп еңбек етсе адам, менің ойымша кассасы да жаман болмайды. Өйткені халыққа ұнап жатса әрине кассасына әсер етеді».

Бірақ...
«Бірақ анадай ақша табайықшы деген қатты бір бірінші орынға қойған ой емес. Әрине өнер үшін. Өйткені біз киноға келіп о мен бірден касса алам деген мақсат қоя алмайсын ғой».


Қуанышында шегі жоқ Қоянбаев мырза өзін көріп бір марқайып қалды.

Бірінші туындының да, «Бизнес по-казахски в Америке» киносының да режиссері - Жеңісхан Момышев.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
«Бүгінгі күн өте жақсы. Өмірге 2 туындым келіп жатыр «Бизнес по-казахски в Америке» деген. Біріншісі «Бизнес по-казахски». Сондықтан 100 пайыз жақсы».


Аталмыш туындыға саундтрек осыдан бір жыл бұрын жазылып қойған екен.
«Саундрекке келетін болсақ, бұл ән 1 жыл бұрын жазылған еді. Орысша айтқанда полочкада жатты. «Бизнес по-казахски» бұйырып, барлығымыз келісім-шартқа келісіп Америкада бейнебаян түсіріп «Билеп ал» деген әнді саундрек қылып шығардық».


Естеріңізге сала кетейік, аталмыш туынды Гакку Интэртэймэнт ұжымымыен бірлесе түсірілген кино. Ендеше, езу жимай күлуге дайын болыңыздар. Өйткені, «Бизнес по-казахски в Америке» тура 28 желтоқсаннан бастап үлкен экранға қарай жол тартады. Ал, попкорндарыңыз дайын ба?

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар