Бір кездері «Мария Магдалена» әнімен тойларды шулатқан Асхат Тарғын «Атамекен» атты патриоттық әнге бейнеклип түсіріп, қалың халықтың алдында тұсауын кесті. Аталмыш туындының толық нұсқасын әншінің өзі де бірінші рет көріп, бағасын берді.
Асхат Тарғын, әнші:
«Енді көрдіңіздер халықтың көңілінен шығып жатыр. Менің де көңілімнен шықты».


Иә, Асхат мырзаның сөзінде шындық бар.

«Атамекен» атты әнді жазған белгілі ақын Қасымхан Бегманов пен композитор Бауыржан Өскенбеков.
Қасымхан Бегманов және Бауыржан Өскенбеков, авторлары:
«Бәукен осы хабарласып осы әнді жазайық, біраз ақындармен жұмыс істеп көріп едім, сәтті болмады деп хабарласқан кезде шын мәнінде біз Бауыржан Өскенбеков бауырымыз екеуміз үлкен жұмыс жасадық. Өйткені бұл ән менің ойынша 1-2 минуттық ән емес, спектакль сияқты».


Иә, тойдың әнімен бірден халықтың жүрегін жаулап алған Асхатты көбісі «чип-чип» деп атап кеткен. Алайда, әнші оған ренжімейді.
«Кеш қой енді. Ренжіген де, енді ол Асхат дейді ғой барлығы. Бірақ Асхатты шақырайық дейді, қай Асхат Чип-чип па айтады. Солай болып кеткен ғой».


Алайда, той әндерінің орындаушылары да басқа бағыттарда айта алады. Ол тек уақыттың еншісінде.
«Бұл енді шығармашылық жұмыс деп айтса болады. Тойдың әндеріне бейнебаян түсіре беруге болады. Бірақ осындай халқымызға керек дүние бұның барлығы. Тарсылдай берген дүниеге түсіргеннен гөрі, мынаның ішінде қазақи».


Ендеше, Той Думан арнасы Асхат Тарғынды құттықтайды. Ал, сіздер «Атамекен» бейнелипін әлі де тамашаламаған болсаңыздар, оны Youtube-тегі Той Думан каналынан таба аласыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар