Еліміздің жарасымды жұптардың бірі Мирас пен Құралай шығармашылық концертін өткізді. Әсем әнге толы, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен, мың бұралған бишілердің көрінісімен өткен кештің үзіндісін ташалаңыздар.

Жұп сахнада талай уақыт өнерін паш етіп жүрсе де, алғашқы рет кешін өткізуде.
Мирас пен Құралай, дуэт:
«Бұл біздің алғашқы концертіміз осындай республикалық деңгейде өтіп жатқан. Себебі Республика сарайында, осынша көрермен, зал толы Құдайға шүкір».


Әрине, концерт өткізу оңай жұмыс емес.
«Психолоиялық тұрғыда қиын болды. Қай жақтан болса да қиын болды».


Бірақ...
«Қазір концерт біткен соң, барлығын салыстыра отыра әрине халқымыз риза болып кеткені, сол бізді қазір жұбатып, өзіміздің орынмызға түсір жатырмыз қазір».


Айтпақшы, Бекжановтар обасының керемет сахналық киімдерін байқадыңыздар ма? Иә, иә олар кешке арнайы тіктірілген.
«Барлыңызға жаңалық емес осы жақында Мирас Құралай сән үйін аштық. Сол өзіміздің мықты дизайнерлеріміз осы концертке қол ұшын беріп, осындай бүгін концертке киген көйлектеріміз сол кісілердің арқасы».


Ал, Мирас пен Құралайды Той Думан арнасы құттықтайды. Айта кетейік, жұптың айтуы бойынша олар концертті келер жылдың күзінде елордамызда өткізбек. Сондықтан, астаналықтар күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар