Қазіргі таңда әншіні танымал ететін әрине-бейнебаян. Ал, көп қаралым жинаған туындының орындаушысы-халықтың сүйіктісі. Иә, иә той Думан арнасында кезекті миллион. Айта кетейік, жуырда «Диалог» бейнеклипімен Иса Әлимұсаев пен Фарида Жолдасова миллионерлер атанған болатын.

Ал, олардың ізін жалғастырған кім деп ойлайсыздар?

Таптыңыздар ма? Ол - қорқақтарға ән салып жүрген Нұрболат Абдуллин. Нұрболаттың «Сен қорқақсың» бейнебаяны 8 айдың ішінде 8 миллионнан аса қаралым жинады. Ал, қайтадан оны миллионға жеткізген «Жүрегім» атты жүректен шыққан туынды. Айтпақшы, көпшілік Нұрболатты дәл осы әннің орындаушысы ретінде де таниды.

Көріп тұрғандарыңыздай, бейнеклипте сюжет жоқ. Ол жерде- бір-біріне ғашық жандар бейнеленген. Иә, барлығы да орынды сияқты. Бұндай сезімге толы бейнебаяндар Youtube-тегі Той Думан каналында жетерлік. Сондықтан, сол жаққа өтіп, тамашаласаңыздар болады. Ендеше, Той Думан арнасы миллионер жігітті құттықтайды.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар