Жас болса да, талантты Қуандық Рахым талай хиттердің орындаушысы. Ол халықтың жүрегінен бірден орын алып, өзінің лирикалық бағатындағы әндерімен танымал болды. Әнші осындай жетістіктерге не бәрі 1 жылдың ішінде жетіп отыр.

Айтпақшы, көпшілік Қуандықты ең басында ғаламторда бірден тарап кеткен Гаухар Сардарбек атты арумен орындалған «Болайық бірге» туындысынан кейін тани бастады. Алайда, әнді Гаухар емес, Альбина Шардарова орындап, бейнебаян түсірілген болатын.

Енді міне, Рахым шығармашылық кешін өткізуге дайын. Концерт 27 желтоқсан, Ресбулика Сарайында болады. Ал, кеш қонақтары Мақпал Жүнісова, Мөлдір Әуелбекова, Альбина Шардарова және Ақбота Сейтмағанбет. Ендеше, қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар