Күні кеше «Бизнес по-казахски в Америке» комедиясының жабық көрсетілімі өтті. Әрине, айтулы күнге шығармашылық топ кәдімгідей дайындалған. Қызыл кілем, фуршет, арнайы фотограф, керемет көңіл-күй, мінсіз киім. Ал, қонақтарды залға шақырған Нұрлан Қоянбаевтың өзі.

Қонақтардың барлығы киноны тағатсыздана күтті. Міне, жарық өшіп, фильм да басталып кетті.

Иә, корермендермен шығармашылық топтың ойы екіге бөлінді. Әрине, аспан өзін биікпін деп айтпайды. Мүмкін, дұрыс та шығар. Оны алдағы уақытта біле жатармыз. Айтпақшы, көрсетілімнен кейін пресс-конференция өтті. Әрине, көңілді нотада.
Нұрлан Қоянбаев, актер:
«Әр адамның аллергиясы болады. Мысалы менде жұмыртқаға. Жәкенде күнге аллергия бар екен. Как не повезло да? Мысалы бір жерге пляжға барсан от солнца это же очень неудобно. Мы снимали в Лон-Анджелесе, плюс 40 қой. Бір қарасақ, Жәкеннің құлағы ісіп кетті. Сол бір қиыншылық болды».


Көріп тұрғандарыңыздай, аталмыш кино тек шынайы таланттарды біріктірді. Сондықтан, импровизация көп болды. Тіпті, әзілдердің көбісі түсірілім барысында қосылыпты.
«Сценарийға қатып қалуға болмайды. Біз августта жаздық. Түсіріп жатырмыз мартта. Одан кейін талай нәрсе өзгерді. Жаңалықтар өзгеріп жатыр. Мысалы, Ерке Есмахан, Бекболат Тілеухан деген әзілдер Америкада қосылды».


Айтпақшы, Пиркош, яғни Рамазансыз бұл фильм «Бизнес по-казахски в Америке» болмайтын да еді. Әзілге толы сахналар Еркошсыз өтпеді. Ендеше, таныс болыңыздар.
Рамазан Амантай, актер:
«18-демін. ҚазҰУ тарих факультетінде екінші курс оқып жатырмын. Және дебюттік роль емес. Мен 11 жасымнан бастап кино саласындамын. Бірақ біраз уақыт болғаннан кейін мүмкін ұмытылып қалған шығар».


Иә, жас болса да, Рамазан өз рөлін жоғары деңгейде сомдап шықты. Естеріңізге сала кетейік, Gakku Entertainment ұжымының қолдауымен түсірілген фильмде басты рөлдерде Жан Байжанбаев, Гүлназ Жоланова және тағы басқалар ойнады. Ал, туындының режиссеры Жеңісхан Момышев. Айтпақшы, еліміздің барлық кинотеатрларында кино 28 желтоқсаннан бастап көрсетіледі. Сондықтан, асығыңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар