Өнер көкке жеткізер. Алайда, ұмытпайық, ол әрине халықтың қолында. Осыдан 20 жыл бұрын көпшілік әншіні бейнебаянсыз да таныса, қазіргі таңда олай емес. Мүмкін, заман өзгерген болар. Әйтеуір, бейнеклипсіз бүгінгі күні жұлдыз болу мүмкін емес. Бүгін біз Youtube-тегі Той Думан каналында ең көп қаралым жинаған туындылардың тізімін анықтаймыз. Ал, мына миллионерді танымайтын тәтті ару жоқ шығар? Иә, ол Әбдіжаппар Әлқожа. Алайда, оны миллионға жеткізген «тәтті ару» емес, «махаббатсыз өмірді кім сүрмек» атты әнге түсірілген бейнеклипі.

Бұл бейнебаянды 5 милионнан аса көрермен тамашалапты. Қалай ойлайсыздар, бейнеклип қандай себеппен осындай қаралым жинады? Әбдіжаппардың орындауындағы әні үшін бе, жаңа шаш үлгісінің себебінен немесе қылықты ару үшін бе? Біздің ойымызша, осының үшеуі де үлкен үлес қосқан сияқты.

Иә, тура осы қазір атып тұрып, билейтін ән екен. Алайда, бұл біздің тізімдегі билететін жалғыз ән емес. Қазіргі таңда, «аспанға қараймын», «мария магдаленаның» қатарына тағы бір туынды қосылды. Яғни, әнші. Ол... Ахан Отыншиев
Аталмыш ән бірден тыңдармандарға ұнап, бүкіл тойларда қосылатын болды. Ал, әнші танымалдыққа ие болып, тіпті «шудың бойында 2» әніне бейнебаян түсіріп үлгерді. Әрине, Ахан сахнадағы еркіндігімен, әзілге толы образымен халықтың жүрегінен орын алды. Оны, Youtube-тегі Той Думан каналынан білуге болады. Өйткені, аталмыш туынды 6 милионнан аса қаралым жинады. Ендеше, құттықтаймыз.Той Думан арнасы Отыншиевке шығармашылық табыс тілеп, тізімді жалғастырады.

Ең көп бейнебаян түсіретіндердің қатарына да жеттік. Әрине, ол Нұрболат Абдуллин. Елімізде қанша қорқақ бар екенін Нұрболат енді біледі. Өйткені, аталмыш туындыны 8 милионнан аса көрермен тамашалады.

Мәссааған, сонда елімізде 8 милионнан аса адам қорқақ па? Жо-жоқ, олай емес, қалжың ғой. Олар, жәй ғана жақсы ән мен сапалы бейнеклиптерді көргенді ұнатады. Айтпақшы, Нұрбуллинның биін байқадыңыздар ма? Кішкентай кезінде тек әнге емес, биге де барған сияқты осы әнші.

Ал, келесі кім деп ойлайсыздар? Жо-жоқ, Қайрат Нұртас емес. Жарайды, бір сырын ашайық...біздің тізімде ол да бар. Бірақ қазір ол туралы емес.

Таңыдыңыздар ма? Бұл Руслан Сәтенов. Иә, иә дұрыс, тойларды Аяна есімді бүлдіршінмен шулатып жүрген әнші. Айтпақшы, бейнеклипте де сүйкімді биші өз өнерін көрсетті. Айта кетейік, Русланның әндері танымал болғанымен, түрін ешкім білмейтін. Сол себептен әнші бейнебаян түсірді. Ал, қазір оны 11 милионнан аса көрермен таниды.

Әрине, бірінші орында Ернар Айдар. Оның «күнім сен сөнбеші» әні 5 айдың ішінде 13 милионнан аса қаралым жинады. Елестетіңіз, 13 миллионнан аса қаралым? Не дейміз? Бұл жерде тек Жарайсыз Ернар деуге болады.

Аталмыш туынды алғашқы миллионына небары 3 күннің ішінде жетті. Бейнеклипке бұндай қызығушылықты арттырған бір жағынан жантүршігерлік оқиға. Ернар ауыр хәлде деген жаңалық жұртты дүр сілкіндірді. Әрине, елдің баласы болғандықтан сүйікті тыңдармандары әншінің денсаулығына қатты алаңдады. Ал, өз-өзіне келген Айдар бірден «күнім сен сөнбеші» туындысына бейнебаян түсіріп, жұртты қуантты.

Бұл біздің 5 миллионерлеріміз. Жо-жоқ, оларды таңдаған біз емес, керісінше, сіздер. Айтпақшы, бұл топтамаға тағы бір серілерді қосқанымыз жөн болар. Ең қызығы, екеуінін де ұқсастығы бар. Әрине, дауыстары мүлдем ұқсамайды. Олардың ерекшелігі- халықтың қошеметі, өзіндік биі және олар бойдақ емес. Тапқан боларсыздар?

Олар Қайрат Нұртас пен Серік Ибрагимов. Қайраттың «үміт үзбе» бейнеклипі 3 айдың ішінде 3 милионнан аса адам тамашаласа, Серіктің «махаббатым» туындысы да аз уақыттың ішінде тура сондай қаралымға ие болды. Айтпақшы, екі бейнебаянда да әншілердің жарлары түсті. Мүмкін, осы себептен осындай көрсетішке ие болды ма екен? Жарайды, ең бастысы миллионерлер қатарына кірді. Ендеше, осындай миллиондар көп болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар