Жол апатына түсіп, қатты қиналған Ернар Айдардың жағдайы қазіргі таңда жақсы. Бұл оқиғадан кейін әнші «күнім сен сөнбеші» атты әнге бейнеклип түсіріп, аз уақыттан кейін шығармашылық кешін өткізді. Айтпақшы, қарбаласқан жұмыстың ортасында Ернар үйленіп те үлгерді.

Бұндай шешімге әнші жол апатынан кейін келді.
Ернар Айдар, әнші:
«Бұл жағдайдың алдында үйлену жағы менің ойымда мүлдем болмап еді. Бірақ енді болашақ жарыммен кездесіп жүргенбіз 1,5 жыл. Сөйлесіп жүрдік».
Дүбірлі той Тараз қаласында өтті. Айтпақшы, БАҚ-өкілдерінен әнші тойын жасырып қалды. Алайда, сүйікті тыңдармандары бұл туралы инстаграм желісінен біліп қойды. Сондықтан, жасырудың қажеті жоқ шығар, иә? Әншілердің құлақтарына алтын сырға. Ал, қазіргі таңда, әнші үйленгенін ашық айтады. Ендеше, жарасымды жұпқа тек бақыт тілейміз. Келесі жылы бесік тойға шақырту алатын шығармыз, Ернар?
Біздің тізімде сері жігіттердің арасында бір ару бар. Ол Ақбота Керімбекова. Әншінің жүрегін жаулаған Рауан атты сері жігіт. Иә, иә Ақбота ханым аппақ қалыңдық көйлегін киіп, жұрттың назарын өзіне аудартты. Ал, тойдағы қонақтар, нақтырақ айтсақ арулар сары түсті киім киіп келген. Бұл шартты Керімбекованың өзі қойыпты. Айтпақшы, кеште әншінің әріптестері құрметті қонақ болып, өнерлерін көрсетті. Ендеше, Рауан мен Ақбота ханымға Той Думан арнасы шаңырақтарың биік, керегелерің кең болсын дейді.

Бір әнмен бірден халықтың жүрегін жаулап алған Асхат Тарғын осы жылдың сәуір айында үйленген болатын. Әншінің жүрегін жаулап алған өзінен 13 жас кіші Әлия есімді ару. Олар былай танысыпты.
Асхат Тарғын мен Әлия:
«Менің балдызым деп, досым таныстырды. Сол таныстығымыз ұзағынан болып, екеуміз телефон алмасып, бір жылдай телефон мен сөйлесіп жүрдік, телефон мен бір жылдай. Содан кейін бір бірімізге басында дос болдық, кейіннен бір бірімізге сезімімізді білдіріп, мінекей өздеріңіз көргендей, осындай ұланасыр той болып , екеуміз бас қоcып жатырмыз».


Ал, қараша айында тағы бір дүбірлі той өтті. Бұл жолы Астана қаласында.

Иә, иә Жүгінісовтер отбасынының тұнғышы Рүстем отау құрды. Осыдан 5 ай бұрын әнші Айжан атты аруға ұсыныс жасап, көп ұзамай сырға салу рәсімін өткізді. Осылайша, Рүстем ақ құсын қолына қондырды.
«Менің махаббатым, аты Айжан. Маңғыстаудың қызы. Ол қыз да ән айтады. Дәстүрлі әнші. Екеуміз Шабыт университетінде танысқанбыз».
Айта кетейік, тойға тек 400 адам сыйды. Бірақ, шақырылатын қонақтардың саны одан да көп болды. Өкінішке орай, мейрамхана тек осы адам санына жоспарланған. Ал, бұл тойды көрген де, көрмеген де арманда.
Ал, тізімді аяқтайтын кім деп ойлайсыздар? Әрине, сұрбойдақтардың қатарында талай жыл жүрген Сержанәлі Әлібек.

2012 жылдары әндері барлығын вальс билететін Сержанәлі Әлібек отбасын құрды. Бұл туралы әнші өз инстаграм парақшасында жариялап, құттықтаушыларға рахметін айтты. Алайда, жарының есімі де әлі белгісіз. Алдағы уақытта біз міндетті түрде барлығын біле жатармыз. Айтпақшы, осы жылы еліміздің ең жас депутаты Асылхан Төлепов те бойдақтығымен қоштасты. Той Алматы қаласында өтті. Айта кетейік, Асылханның жүрегін жаулап алған Айсұлу есімді ару.

Аталмыш күні қызықтар өте көп болды. Мысалы, мынадай:

Иә, осылайша, Артур Мадина атты сұлу қызға ұсыныс жасады. 2018 жылдың бірінші тойы да белгілі болған сияқты. Ендеше, біз 2017 жылы отбасын құрған әншілерді құттықтаймыз. Үйлеріңізден сәбидің күлкісі кетпесін.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар