«Бизнес по-казахски в Америке» комедиясының шыққанына міне бір аптадан да асып кетті. Ал, сіздер оны әлі де көрмегенсіздер ме? Онда, аталмыш туындыны ташалағандардың пікірлеріне құлақ салыңыздар.
«Қазақтың киноларын осылай шығара беріндер. Күшті».
«Кино күшті болды. Актерлар өте керемет ойнап шықты».
«Кино жақсы түсірген екен. Қазақи, прикол да бар, бауырмашыл жағынан да. Қазақтың кинолары көп болсын».


Иә, иә бұл фильм жасқа қарамайды. Оны еңбектеген бала мен еңкейген қариядан басқаларының барлығы көрген сияқты.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
«Енді бүкіл Қазақстан бойынша билеттер жоқ деп жатры, ол мен үшін 100 пайыз үлкен деңгей. 1 кино сондай болды, 2 одан да асып түсіп жатыр».


Туындының режиссеры Жеңісхан мырзаға жасаған дүниесі өте ыстық. Тіпті, екі киноны да балаларына теңейді.
«Бірінші жаман, екіншісі жаман деп айта алмаймын. Екеуі де менің балам. Біріншісі кіші балам болса, мынау кішкене үлкенірек бала. Сондықтан әдемі».


Айтпақшы, фильм шыққалы актерлар оны көрермендермен бірге көріп жүр. Ал, Перкош, яғни Рамазан туындыны талай рет тамашалапты.
Рамазан:
«Жоқ, алғашқы емес. 48 рет қой дим».


Әрине, ол қалжың. Ал, актердың мына сөздері шынымен де жүректен шыққан.
«Білмеймін нешінші рет екенін. Бірақ көрермендермен отырып, кино тамашалаған мені шабыттандырады. Бүкіл тамыз ай бойы еңбектеніп, шаршап жасаған еңбегімнің барлығын шығардым десем болады көрермендермен отырып».


«Бизнес по-казахски в Америке» небары 16 күнде түсірілді. Әрине, импровизациясыз болмады.
«Жесткая импровизация дейді ғой. Таза по-казахский түсірілген фильм. Бірақ түп сценарий де мықты болды. Бірақ импровизациямен қосылған дүниелер де өте көп жетерлік».


Ал, дәл осы сахна Нұрлан Қоянбаевтың импровизациясы.
«Электрошокермен артымнан соғады ғой, ең соныңда шөпті жұламын сол жері ұнады».


Өткен аптада біз туындының 3 бөлімі туралы ақпаратты айтамыз деп уәде бергенбіз. Ол жайлы Нұрлан Қоянбаевтың өзі былай тіл қатты.
Нұрлан Қоянбаев, продюсер:
«Енді инстаграмда көп пікірлер қалдырып жатыр үшінші бөлімі бола ма деп? Қазір енді көреміз. Егер көрермендер киноға жақсы барып жатса, 3 бөлімін түсіреміз деген ойымыз бар. Бірақ қай жерде қалай екенін әлі ақылдасқан жоқпыз».


Әрине, 3 бөлімнің жоспары әлі жоқ. Алайда, Рамазан қай елге болса да, баруға дайын.
«Өте қатты түскім келеді. Қай елде болса да түскім келеді. Қалжындап айтамын ғой, Нұрлан аға, Якутияға барайықшы деп».


Якутия дейсіз бе? Бұл Рамазанның арманы ғой. Ал, Нұрлан мырзаның жоспары мынадай.
«Мүмкін Европада, мүмкін Африкада».


Қай елде түсірілсе де, әйтеуір қызық болатыны хақ. Иә, бір аптаның ішінде 200 000 000 кассалық жиналымға қол жеткізген туынды шынымен де халықтың көңілінен шықты. Ал, сіз әлі де оны көрмесеңіздер, кинотеатрларға қарай асығыңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар