Күні кеше бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) өткен жылдың жұмыстарын қорытындылап, жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы 9 номинация бойынша үздіктерді анықтады. Осылайша, бір-неше нұсқалар бойынша еліміздің ең атақты боксшысы Геннадий Головкин ұйымның «Жыл боксшысы» және «Жыл жекпе-жегі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Айтпақшы, бұнда «Жылдың үздің өнер көрсетушісі» «Жылдың жаңа супер жұлдызы», «Жылдың үлгілі чемпионы» секілді номинациялар да болды. Ендеше, Той Думан арнасы Геннадий Головкинді құттықтайды. Тек алға.


Геннадий Головкин «Жыл боксшысы» атанып жатса, еліміздің мықты сазгерлерінің бірі, Нұрлан Ньюс бағдарламасының жүргізушісі Нұрлан Еспанов «Арыс қаласының құрметті азаматы» атанды. Бұл ақпаратты біз сегіз қырлы бір сырлы Нұрлан мырзаның инстаграм парақшасынан білдік. Айта кетейік, бұл оның екіші атағы. Ал, біріншісі «Мәдениет қайраткері». Аталмыш марапатқа Еспанов мырза Арыс қаласының өркеюіне атсалысқаны үшін, талай іс-шараларға қатысып, тегін концерттер бергені үшін ие болып жатыр. Туған жерінің құрметті азаматы болуына не жетсің, ағайын?Ендеше, Той Думан арнасы Нұрлан мырзаны құттықтайды.


Біреулер атақ алып жатса, екіншілері тура жаңа жыл қарсаныңда баспанаға ие болды. Иә, иә біз «Өнер қырандары» театрының белді мүшесі Жанболат Найзабековті құттықтаймыз. Айта кетейік, ол қоныс той жасап, өнердегі, өмірдегі достарын шақырған болатын. Ендеше, Жанболат үйіңіз құтты болсын! Шаңырағыңыз шаттыққа толы болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар