Осыдан бір ай бұрын еліміздің ерке қызы Мақпал Жүнісова мен МузАрттың белді мүшесі Кенжебек Жанабілов «Бақытты болыңдар» әніне бейнебаян түсіріп жатқанын айтқан болатынбыз.

Әрине, Мақпал Жүнісовамен бірге ән орындау біраз жанға арман. Сондықтан да, Кенжебек мырзаның бақыттан басы айналып жүр.
Кенжебек Жанәбілов, әнші:
«Менің енді Мақпал әпкемізбен бірге орындаған әніме өте мен бақыттымын деп сезінемін. Өйткені бала кезімде өзім ән шырқап жүрген кезде бұл кісілер өнердің шаңын шығарып, сахнаның саңлағы болып жүрген кезде армандайтынбыз біз осы кісілермен бірге ән айтуды»
Айтпақшы, бейнеклипте сіз өзіңізді де танып қалуыңыз әбден мүмкін.
«Бұл жерде енді бастысы жастардың еске түсіретін қылықтары көп. Адам мысалға тойға дайындалып жатқан кезде бірденесін ұмытып кетеді, ия болмаса киімін ұмытып кетеді или бет бояйтындар кешігіп қалады. Сөйтіп үлгере алмайтын кезде достары келіп қалады. Сондай-сондай нелердің барлығын түсірдік».


Тәжірибесі мол Мақпал ханыммен жұмыс істеу Кенжебек мырзаға аса қиынға соға қоймады.
«Ол кісілер енді қаншама сыннан өткен кісілер ғой. Сондықтан ол кісімен жұмыс істеу өте оңай болды».


Ал, Кенжебек мырза, еліміздің ерке қызына айналған Мақпал ханым қандай сонда?
«Ол кісі аққоңіл, жүрген жерінің барлығын шуақ шашып жүретін кісі ғой. Кез-келген жерін күлкіге үйіріп жүреді. Сол жағы маған өте қатты ұнайды. Одан кейін өзінің әншілігі бар, елдің алдында өзін еркін ұстайтындығы бар. Ашық сосын, ештене жасырмайды. Жасанды емес».


Әрине, жасанды емес. Ол туралы әншінің күлкісі де айтып тұр.
«Бірге тойға шақырып, екеумізге бірдей гонорар төлесе, барамыз. Иә болмаса енді бөліп алармыз енді, барамыз. Тегін де барып жатқан тойларымыз көп».


Бейнебаянды талқылау үстінде мынадай қызықтар та орын алды.
«Кіріп бірге он минут қалған кезде звондасам, міне кіріп келе жатырмын, сен қайдасын дейді ғой. 10 минут бұрын ерте келіп тұр да, мен де оны біліп 10 минут бұрын ерте келіп алдым. Ұрыс естіп қалмайын, ол кісілер енді о ескіден келе жатқан кісілер ғой».


Айтпақшы, бүгін Мақпал Жүнісованың дүние есігін ашқан күн. Осыған орай, Кенжебек мырза тосын-сый жасады.
«Менің енді бүгінгі бұл бейнебаянды бүгінгі күнге беріп жатқан себебім, менімен бірге ән орындаған Мақпал апаймыздың туған күні. Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Мақпал апай сіз осылай езуіңізден күлкі кетпей, жарқырап, жайнап жылдан жылға жете беріңіз. Мен өте бақытты әншілердің бірімін сізбен бірге ән орындаған. Сондықтанғ аман болыңыз. Деніңіз сау болсын, халықтың көңілінен шығатын әндер орындап, биік шыңды бағындыра беріңіз».


Ендеше, біз Мақпал Жүнісованы құттықтаймыз. Әлемнің барлық жақсылықтарын тілейміз. Ал, бейнебаянның үзіндісін қабыл алыңыздар. Бейнеклиптің толық нұсқасын Youtube-тегі Той Думан каналынан және де эфирімізден тамашалай аласыздар. Ендеше, арна қосулы болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар