Қазіргі таңда әншілердің табыс көзі тек қана тойдан емес. Сахнада ән айтып жүріп, көбісі бизнесмен және бизнес-вумен атанып кеткен. Мысалы, жарасымды жұптардың бірі Мирас пен Құралай басында өнер мектебін, содан соң сән үйін ашты. Ал, Қыдырәлі Болманов пен жары Қарақат өнер мектептен басқа бал-бала авторлық жобасын ойлап тапты. Енді айта берсен, өте көп. Аталып өткен әншілердің қатарында Ұшқын Жамалбек те бар. Жо-жоқ, ол өнер мектебін ашып жатқан жоқ. Ол тіл орталығын ашуда. Айта кетейік, тіл орталығында орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік меңгеру үшін барлық мүмкіндіктер бар. Айтпақшы, айтылған тілдерді әншінің айтуынша 3 айдың ішінде үйренуге болады. Егер үйрене алмасаңыз, ақшаңызды қайтып береді. Толық мәліметті сіздер оның инстаграм парақшасынан біле аласыздар. Ендеше, асығыңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар