Төрт ай бұрын Мақсат Рахмет қызына арналған «тәп-тәттім» бейнеклипінің тұсауын арнамыздан кесті. Көп ұзамай, әнші «ағаларым» атты әнге бейнебаян түсірді. Алашұлының әншілері қазіргі таңда тек топта емес, жеке де ән айтып жүр. Әзімбек те жуырда «мөлдір көзің» атты туындысын жарыққа шығарды. Ал, топтың кенжесі Ерзат жеке ән туралы әлі ойлануда. Айтпақшы, Мақсат міне 3-ші туындысына кірісуде. Ол Ербол Нариманұлымен алғашқы дуэтін жазу үстінде. Әнді Ерболдың өзі жазды, ал сөздері әлі дайын емес. Сонымен қатар, аталмыш ән Ямайкадан шыққан регги стилінде. Оған қазақи нақышты Тұран этно-фольклорлық топтың белді мүшесі Серік Нұрмолдаев сыбызғымен келтірді. Жуырда туынды жарыққа шығады. Сондықтан, күтіңіздер.

Бүгінде еліміздің ең әдемі жұптардың бірі Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз жарқ етіп, талай көрерменді тамсандырды. «Арман» фильмінде басты кейіпкердің рөлін жоғарғы деңгейде сомдап шыққан Жұлдыз қазіргі таңда іс-шараларға қатысып, тіпті Қайраттың жеке кештерінде жүргізуші де болды. Киноның жабық көрсетілімде әнші енді Жұлдызды жұлдыз қыламын деген. Міне, енді жарасымды жұп бірге «махаббатым менің» атты ән шығарды.

Керемет емес пе? Мүмкін алдағы уақытта бейнебаян да түсірер. Ал, оны уақыт көрсетеді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар