Эстрадамыздағы ең салмақты топтардың бірі кім деп ойлайсыздар? Әрине, Диета.кз. Иә, иә Жасұлан мен Нұрқанат бейнебаян түсіруде. Аталмыш туынды да топтың өзі секілді әзілге негізделген.
Диета.kz тобы:
«Че там, қарындас» деген әнге түсіріп жатырмыз. Әннің авторы Апош Сарбаз деген бауырымыз. Сөзі Ринат Заитовтікі».


«Че там қарындас» әні халықтың арасында таралып үлгерді. Алайда, бұл туынды үшін топты сөгіп жатқандар да жоқ емес.
«Көп адамдар түсінбей сөгіп жатыр. Үлкендер ғана емес, жастардың арасында да че там қарындас деген не ән, бұл недеген сөз, не болып кетті? Ринат Заитов осындай сөз жазатын болған ба деп айтып жатқандар бар да».


Оларға Жасұланның жауабы да дайын.
«Біздің негезі бағытымыздың өзі сондай әзіл әндер, жеңіл әндер. Қазақ эстрадасында не бір мықты әншілер бар ғой. Ойып тұрып орын алып қойған, диапазоны кең. Сол кісілер айта берсін керемет әндерді. Бірақ енді біздің өзіміздің стиліміз сондай».


Ән жеңіл болса да, оның шығу тарихында мағынасы бар.
«Ринат өзі Котонға демалуға барған кезде ол жаққа Россиядан орыстың қыздары келіп демалады ғой. Сонда ауылдан шыққан қазақтың балдары аналарға барып, мм можно с вами познакомиться деп айта алмайды да. Сондықтан че там, че там дей берген ғой. Сонда Ринат түсініп ары қарай сөзбен өрбітіп кеткен ғой».


Сонымен, Жасұлан, «че там қарындас» - деген қандай мағынаны білдіреді?
«Аудармасы че там деген сөзімнің- саған ғашық болып қалдым емес пе деп тұр ғой».
Айтпақшы, бейнеклиптің сюжеті де бар. Алайда, топ оны құпияда қалдырғанды жөн көрді. Жуырда туынды жарыққа шықпақ. Сондықтан, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар