Ең әдемі мезгілдерінің бірі әрине қыс. Сондықтан, әншілердің көбісі бұл уақытты пайдаланып, бейнебаян түсіруде. Олардың қатарында Мөлдір Әуелбекова да бар.
Мөлдір Әуелбекова, әнші:
«Арман алдамайды» деп аталады. Осындай әнге бейнебаян түсіріп жатырмыз. Бүгін 2 күн түсірілімнің. Екі күн далада түсірдік. Қазір міне осындай іште мұзда түсіреміз. Суықта жүрміз екі күннен бері».


Суықта жүріп, жаурап қалмадыңыз ба?
«Жаураған жоқпыз. Шын айтсам, сонау дуэттен келе жатқан бейнебаяндардың барлығы далада түсіріліп жатыр. Күн суық. Үйрендік оғанда. Енді жұмыс болғаннан кейін барлығына шыдауға тырысамыз».


Жуырда Мөлдір Төреғали Төреәлімен «Сен болмасаң» әніне бейнебаян түсірген болатын. Бұл жолы да, оның таңдауы махаббат тақырыбындағы әнге түсті.
«Ән баяу. Махаббат тақырыбында. Енді менің репертуарымда соңғы уақытта көбіне патриоттық әндер болды, ұлыма арналды. Енді осындай лирикалық үлкен ауқымды диапазонды әнге бет бұрдық».


Аталмыш туынды махаббат пен құпияға толы. Ал, оның сюжеті сіздің өміріңізге ұқсас болуы әбден мүмкін.
«Барлығы ашық айтылмайды. Көрген кезде көрермен өзінің оқиғасына қарай түсініп жатады деп ойлаймын. Енді ән лирикалық болғандықтан әркімнің өзінің өмірінде махаббатқа байланысты көптеген жағдайлар болып жатады. Ән өзінің иесін табады деген ойдамын».


Ендеше, туынды жарыққа шыққан соң бағасын бере жатарсыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар