Жуырда танымал әнші, композитор, қазаққа Мейрамбек Беспаевтай, Тоқтар Серіковтей өнер иелерін таныстырған Алтынбек Қоразбаев шығармашылық кешін өткізбек. Алтынбек мырзаның «Алтын күзім, армысың» концерті ақпанның үшінші жұлдызына жоспарланған. Ал, өтетін орны талай әншілерді биікке көтерген, киелі сахна саналатын Республика сарайы. Кеш қонақтары МузАрт, Меломен, Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, Тоқтар мен Бейбіт, Төреғали Төреәлі, Нұрболат Абдуллин және тағы басқалар.

Айтпақшы, ақпанның бірінде Қоразбаев мырза қазына жасқа, 70-ке толады. Айта кетейік, ол халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «Кенен ата», «Сағындым Кенен атамды» әндерінің авторы. Сонымен қатар, Алтынбек мырза мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін Қазақстан халық әртісі, Қырғызстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Иә, Алтынбек Қоразбаевтың еңбегі өнерге сіңіп, міне шәкірттері де бүгінде халықтың сүйіктілері. Ендеше, әдемі әуенге толы мерейтойлық кештен қапы қамаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар