Сыңсу айтатын әншілердің қатарынан байқалып қалған Салтанат Бақаева ұзатылып бара жатқан қыздарға емес, аналарға ән арнады.
Салтанат Бақаева, әнші:
«Мен Арман Дүйсеновтың әніне және Қалқаман Саринның сөзіне жазылған «Анашым» деген әнге бейнебаян түсірдік. Оған өзімнің анам түседі. Жалпы отбасыммен түсірдік»
Түсірілім барысында неше түрлі қиындықтар тап болу мүмкін. Алайда, туындының режиссеры Жеңісхан Момышев мойымады.
«Барлығымыз қобалжып, менің жынып ұстап, не істерімді білмей жүрген кезде, Жеңісхан өз жұмысын тиянақты істеп жасап жүрді. Соған мен өте қуандым. Өйткені шын мәнінде режиссер ешнәрсеге қарамай өз жұмысын істеп жүрді».


Әрине, біз өмір бойы ата-анамыздың алдында борыштармыз. Сондықтан, қандай сыйлық жасасақ та, жарасымды.
«Мені 5 жасымнан өнерге жетелеп алып келген әке-шешемнің арқасы. Сол бір ризашылығымды білдірейін дедім. Екіншіден анам осы жылы 60-қа толады екен. Соған кішігірім сыйлық болсын деп па? Солай да болып қалды өзі бұйырып».


Айтпақшы, бейнеклипте актерлар жоқ. Өйткені, Бақаеваның отбасының рөлін сомдаған-жақындарының өздері.
«Иә, жарым да түсті, жарымның ата-анасы да. Бір жағынан мен ойладым бәлкім осы естелік болып қалар. Ертен Алла қаласа Әмірім де, Әділім де өседі. Сол кезде көрсетіп. Бір отбасылық бейнебаян болса деп ойладым».


Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің деген мақал-мәтелмен Салтанат та келіседі.
«Жас кезімде көбінесе мамамды түсінбей, ой мама қойшы тегі сен көп қобалжи бересін, звондай бересін деп айта беретінмін. Бірақ өзім балалы болған соң, шын мәнінде қаншалықты ана болу оңай емес екенін және жүрегің қашанда бала үшін соғып тұратынын сезесін».


Кезінде анасын түсінбеген ару енді міне 3 сәбиін күтуде.
«Мен қазір енді жетінші айдамын. Кішкене қиын әрине. Дегенмен, тауда түсіріп жатқанда тіпті өзімнің осындай хәлде екенімді ұмытып кетіп, балалармен бірге ойнап, қар атысып. Сол кезде жолдасым абайласайшы, сен жүктісін ғой деген сияқты».


Жуырда бейнебаян жарыққа шығады. Салтанат Бақаеваның отбасылық туындысын тамашалаймын десеңіздер, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар