Нұрлан Албан әншілікті тастады ма? Бұл сұрақ көбісінің көкейінде жүр. Оны әншінің өзі де біледі. Өйткені, біріншіден, соңғы уақытта Нұрлан мырза сахнадан көрінбейді. Екіншіден, жаңа әндерді сирек шығаруда. Ал, бейнебаян туралы мүлдем айтпай-ақ қойсақ та, түсінікті.

Жарайды, бір сырын ашайық. Албан мырза шығармашылығын тастамады. Жәй ғана, басқа салаға да қызығушылық танытып жүр. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында айтты.

Соңғы кезде Қазақстанда да, басқа дамыған елдерде де криптовалюта, биткоин, блокчейн технологиясы деген сөздер көбейіп кетті. Қарапайым сөзбен айтқанда, криптовалюта электронды сандық жүйе ретінде қолданылатын ақша. Иә, иә міне, қазақи нақыштағы әндердімен танылған әнші де экономикаға бет бұрып, бұл мәселе бойынша парақшасында жиі посттар жариялап тұрады. Ендеше, Нұрлан мырзаға сәттілік тілейік. Ал, егер пайда таба қалсаңыз бейнебаян түсіріп елді қуантуды ұмытпағайсыз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар