Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары, сіздер үшін жағымды хабар. Қақаған қыстың күндерінде жаурап, көктемді аңсап жүрсеңіздер, осы айдың 28 жұлдызында Өнер орталығына қарай жол тартыңыз. Өйткені, аталмыш күні концерт залы тек махаббат пен әдемі әуенге толы болмақ. Иә, дәл сіздің қалаңызда «Қос жүректің лүпілі» атты тамаша кеш өтпек. Ол жерде өнер көрсететін еліміздің ең танымал жұптары. Олардың қатарында Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, Әділ мен Дана, Мирас пен Құралай, Қанат, Светлана Айтпаевтар және әкесі мен қызы Лұқпан Жолдасов пен Фарида. Кеш сағат 19-00 де басталады. Ендеше, қапы қамаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар