Сәйгүліктермен сәні жарасқан талантты домбырашы Нұржан Тәжікенов отау құрды. Үлкен той оның туған жері, Атырау қаласында болды. Ал, домбырашының жүрегін жаулаған Алтынай атты Ақтаудың аруы. Айта кетейік, той күні кеше өтті. Нұржанның қуаныша эстрадамыздың біраз әншілері барып, әннен шашу шашты. Жуырда жас жұбайлар Алматыға оралады. Өйткені, екеуі де оңтүстік астанамыздың тұрғындары. Ендеше, Той Думан арнасы Нұржан мен Алтынайды құттықтайды. Шаңырақтарың биік, керегелерің кең болсын. Бесік тойда кездесейік.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар