Жуырда «Меломен» тобынан кеткен Жігер Ауыпбаев «Алдамадым» бейнеклипі арқылы миллионер атанды. Иә, бұл оның жеке шығармашылығындағы бірінші жетістігі. Ал, оның ізін Ерке Есмаханның «Қайда» деген сұрағына жауап берген Серік Ибрагимов жалғастырды.

Серіктің «Бар бар» туындысын Youtube-тегі Той Думан каналында небәрі 1 айдың ішінде миллионнан аса адам тамашапты. Атылмыш бейнеклипте ол Ерке Есмаханның «жок-жок» деген сөздеріне «бар-бар» деп жауап қайтарып,тіпті отыз бес сері жігітті мысал етіп ұсынды. Иә, бұл тізімде әншіден бастап спортшыға дейін бар. Әрине, Еркенің көңілінен кім шыққаны бізге беймәлім. Алайда, бейнебаян әншінің де, халықтың да көңілінен шыққаны хақ. Айта кетейік, бұл Ибрагимовтың 3 миллионы. Ендеше, осындай сапалы бейнеклиптер түсіріп, бір күні миллиардер болып оянуыңызға тілектеспіз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар