Белгілі тележүргізуші, бизнес-вумен Ләйлә Сұлтанқызы 2016 жылы «менің екінші кітабым» атты туындысының тұсауын кескен болатын. Тұсаукесерді әнші туған жері Шымкентте өткізгенді жөн көрді. Ал, оның оқырмандарын тек бір сұрақ толғандырды: «сонда бірінші туындыңыздыңыз қандай» деген? Сөйтсек, «Менің екінші кітабым» тұңғышы екен. Ал, қызық атаудың сыры оның 12 жастан жүргізген жеке күнделігімен байланысты. Нақтырақ айтсақ, Сұлтанқызы ханым автобиографиялық кітапті жазған соң, сол күнделіктердегі үзінділерді қолданған. Ал, жуырда ол шынымен де ресми түрдегі екінші кітабын шығармақ. Жо-жоқ, оның атауы «менің үшінші кітабым емес». Ләйлә ханым оған «Әйел» деп ат қойды. Естеріңізге сала кетейік, біріншісінде ол өз кеңестерімен, басына тап болған қиындықтарымен бөлісті. Екіншісінде не болар екен?!

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар