Нұр-Мұқасан тобының экс-әншісі Мұқасан Шахзадаевтың отбасында үлкен қуаныш. Әншінің жары Индира дүниеге іңгәләған сәбиді алып келді. Бұл туралы Мұқасан мырза халықтан сүйінші сұрап, өз инстаграм парақшасында пост жариялады. Ал, арнамыздың тілшісі толық мәліметті білу үшін әншінің өзіне хабарласуды жөн көрді. Иә, Шахзадаев мырзаның жары 4-ші рет әншіге ұл сыйлады. Оның салмағы 3,3 килограмм болса, бойы 54 сантиметр. Қазіргі таңда сәбиге ат әлі қойылған жоқ. Ал, үш балаларының есімдері Димаш, Дастан, Дияр. Байқадыңыздар ма? Барлығы да Д әрібінен басталады. Осы дәстүрді бақытты отбасы өзгерте ме екен? Оны алдағы уақытта көре жатармыз. Ендеше, біз Мұқасан Шахзадаевты құттықтаймыз. Елінің елеулі азаматы болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар