2018 жыл жағымды жаңалықтармен басталды. Әншілер еліміздегі демографиялық жағдайды көтеріп жатса, спортшылар да қалысып жүрген жоқ. Өзін қазақпын деп санайтын Геннадий Головкин тағы бір марапатқа ие болды. Ол британиялық WorldBoxingNews.net басылымы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы атанды. Редакция нұсқасы бойынша Головкин украиналық Василий Ломаченко мен америкалық Теренс Кроуфордты артқа тастады. Сонымен қатар, Головкин оқырмандар пікірімен қатарынан төрт жыл үздік боксшы атанған еді. Айта кетейік, осыдан 10 күн бұрын GGG бүкіләлемдік бокс кеңесінің шешімімен жыл боксшысы номинация бойынша жеңімпаз атанды. Ендеше, Той Думан арнасы құттықтайды. Жеңістер көп болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар