Әлемді ән сапарымен шарлап жүрген Димаш Құдайберген жаңа жылдан кейін өзіне демалыс жариялап, елге оралды. Бір апталық демалысын студия мен ата-анасының жанында өткізген әнші бірден Бейжіңге жол тартты. Қытайда ол кешке дайындалып, тіпті WEIBO AWARDS - 2017" церемониясына да қатысты. Ал, жуырда Димаш жанкүйерлерін қайта қуантпақ. Құдайбергеннің айтуынша, ол дуэт жазады. Алайда, кіммен екенін әнші құпияда қалдырғанды жөн көрді. Бірақ, бір құпияны ашты. Ол Грэмми жүлдесінің иегері. Алдағы уақытта оны да біле жатармыз. Кім болса да, әйтеуір сапалы болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар