2017 жылда эстрадаға жаңа топтар қосылды. Олардың қатарында «Расл мен Адок» атты екі сері жігіттен тұратын дуэт те бар. Әзілге толы әндерімен танылған топ бұл жолы баяу әнге бейнебаян түсірді.
Расл мен Адок тобы:
«Біздің өзімізде 2 бейнебаянымыз бар. «Ханшайым», «Бойдақ пен үйленген жігіт» деген сондай темповый өлең болды. Осы жолы үшінші бейнебаянымызды салмақты, салиқалы өлең жазайық деп едік те».


Бірінші мен екінші бейнеклиптерді «Расл мен Адок» арулар мен бойдақ жігіттерге арнаса, үшінші туындыны арнайы әкелерге шығарды.
«Барша әкелерге арнаймыз. Осы дүниедегі бар әкелер, осы дүниеден өткен әкелер болсын. Қырғызстанның әні негізі, Артық Саитов. Сөзін жазған Қарақойшы».


Қазіргі таңда ән өзге елдікі десе, таңқалмаймыз. Иә, әншілердің көбісі әндерді рұқсатсыз айта береді. Бірақ, Руслан мен Әділбек емес.
«Осы өлеңді алайық деп, авторына Мәскеуге шығып, ол кісімен хабарласып. Тағы бір жігіт ол өлеңді аламын деп. Біз енді бұл өлеңді қатты алғымыз келді и орындағымыз келді».


Жарайды, ең бастысы рұқсаттарыңыз бар. Ал, жуырда топ су жаңа «Байдың қызы» атты әнге бейнебаян түсірмек. Алайда, туған жерде емес.
«Бұйырса, қайда? Тайланд. Дұрыс айтады. Тайландта түсірейік деп жатырмыз».


Сері жігіттердің осы әнімен аруларға айтатын сөздері де бар.
«Болсанда ұзын шашты, қысқа екен ғой ақылың деген сөздер бар да. Бірақ барлық қыздарға емес. Бұл енді бірден айтайық әзіл өлең. Сондықтан да жақын жүрекке алмаңыздар қыздар».

Иә, қыздар жүрекке жақын қабылдамаңыздар. Бұның барлығы әзіл емес пе? Ендеше, жігіттерге сәттілік тілей отыра, Тайландтағы шығармашылық жұмыстарыңыз жемісті болсын дейміз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар