Миллионер кім болғысы келмейді? Жо-жоқ, біз ақша жайлы айтып тұрған жоқпыз. Өйткені, әншілер үшін Youtube –тегі Той Думан каналында миллионнан аса қаралым жинаған бейнеклиптер де үлкен жетістік. Қазіргі таңда ол тізімде 33 әнші бар. Алдыңғы жаңалықтарда осындай көрсеткішке «бар-бар» туындысымен Серік Ибрагимов жетті

Ал бұл жолы, миллионға жеткен жеке әнші емес, дуэт. Олар «сен болмасаң» атты ескі әнге жаңа дем беріп, халыққа ұсынды. Олар кімдер екенін таптыңыздар ма?

Иә, небәрі 1 аптаның ішінде Төреғали Төреәлі мен Мөлдір Әуелбекованың бейнеклипін милионнан аса көрермен қарады. Әрине, бейнебаянға қатысты түрлі пікірлер туындады. Ең бастысы, халықтың қызығушылығы бар. Тіпті, көбісі екі әншінің де актерлық шеберліктеріне таңқалуда. Ал, сіздер дәл осы бейнебаянды көріп үлгермесеңіздер, оны Той Думанның youtube каналынан таба аласыздар. Және арнамыздың эфирінен.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар