Дәстүр мен жаңашылдықты дәріптеп жүрген этно-топ Алашұлы жуырда құрамын өзгертсе де 2017 жылы концерт өткізіп, шынымен де алматылықтарды таңқалдарды. Енді міне, топ елордаға қарай жол тартпақ.
Алашұлы тобы:
«Осы 2017-де Алматы қаласында, Республика сарайында концертімізді берген болатынбыз. Дәл осы концерттің басқаша нұсқасын сәуір айында Астана бермек ойымыз бар. Және де концертке дейін, концерттен кейін біз бармаға аумақтарға гастрольдік сапарымызды бастаймыз».


Әрине, Астанада өтетін кеште өзгерістер өте көп.
«Өзгерістер өте көп енді. Концерттің басталуы, аяқталуы. Қойылатын светтер, концепциялар өте өзгеше болады. Себебі үлкен дайындықтамыз. Тағы дуэттер болады. Және жаңа билер болады. Тағы қазақша шоу болады деп қояйық».


Қазақша шоуды олар Алматыдағы концертте көрсетті.
«Осыған дейін өзіміз көрмеген концертті 100 дауылпазшы бастап шықты. Ол бір көрерменнің айтуынша ерекше рух берді басынан бастап. Осы әндердің барысында өте көп, 100 ге жуық бишілер өнер көрсетті».


Айтпақшы, кештің барысында бірнеше әннің тұсауы да кесілді. Олардың бірі «Ауылбай».
«Өзіміз сияқты ауылдан шыққан бауырларымызға құрметіне рух беруге арналып жазылған «Ауылбай» әнімізді жарыққа шығаратын боламыз. Және «Алға» деген керемет рухты ән шығады. Және махаббат жайында да ән шығып қалатын сияқты».


Алайда, көбісі туындының тақырыбын дұрыс түсінбеген сияқты. Бірақ мынадай құлаққа жағымсыз атауда үлкен мағына жатыр.
«Әннің ішінде мынадай сөздер бар «айтады ауылбай деп кейбіреулер, ауылдың бай екенін байқағасын» дейді. Яғни шын мәнісінде қай қазақ ауылға байланбаған. Кез келген қазақтың жүрегі, кіндігі ауылға байланған. Сол ауылға деген махаббат, ауылға деген сағыныш, ауылға деген құрмет».


Әрине, кеште қойылымдар да болды. «Әке-ана» әнінің барысында олар өлең жолдарын оқу керек еді. Алайда, топтың кенжесі Ерзаттың көзіне жас толып, ары қарай сөздерін жалғастыра алмады.
«Ол жерде Әзекен бастап өлең оқиды. Мен оқыған кезде қобалжып, толқып, өзімнің марқұм әкем есіме түсіп, көзіме жас келіп, сондай қобалжудан айта алмадым. Ешқандай сөз ұмыту деген болған жоқ».


Елордада өтетін концертте де қойылымдар болады. Алайда, Ерзат бұл жолы жыламаймын деп сөз берді.
«Сіздерді жылатқаным үшін кешірім сұраймын. Енді қайталанбайды. Енді жыламаймын».


Әрине, үлкен кеште тек көтеріңкі көңіл-күй ғана емес, жүрек тебірентер сәттер де орын алады. Жанды дауыста өтетін қазақша шоуды сері жігіттер сәуір айына жоспарлауда. Ендеше, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар