Қарақат Әбілдина өнерлі балаларды өнер мектебіне шақыруда. Алайда, қабылдау тек ақпанның 15-не дейін жалғасады. Өйткені, жуырда Қарақат ханым кішкентай өнер иелерімен үлкен кеш өткізбек. Иә, иә осыдан 10 жыл бұрын Қыдырәлі Болманов жарына «Қарақат мектеп-студиясын» ашып берді. Осындай тарихи күнді күміс көмей, жез таңдай әнші көктемге жоспарлауда. Әрине, осы уақыттың аралығында Әбілдина ханым ұстаздық шеберлігін көрсетіп, талай шәкірттердің жетістіктеріне куә болды. Енді міне, ол 10 жылдық жұмыстың нәтижесін көрсетпек. Ендеше, сәттілік.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар