Биылғы жыл қазақ демографиясы үшін берекелі басталуда. Өйткені, жуырда ғана Мұқасан Шахзадаевтың әке атанғанын айтқан болатынбыз. Енді міне, оның ізін Қоңыр тобының солисті Мархабат Мықтыбеков жалғауда. Әншінің жары, ақын жазушы Жәудір ханым оған шекесі торсықтай ұл сыйлады. Жаңа туған нәрестенің салмағы 4 кг болып дүние есігін ашыпты. Айтпақшы, өкіл әке шешесі Сержан Молдасанұлы мен жары Аманкүл ханым сәбиге Ақжүрек деп ат қойды. Айта кетейік, Мархабат мырзаның 4 қызы бар. Олар Жібек, Әйгерім, Үміт және Шапағат. Иә, иә Мықтыбеков мырза 11 жылдан кейін бесінші рет әке атанып отыр. Ал, күні кеше әнші әйелі мен ұлын әндетіп перзентханадан шығарып алды. Ендеше, бауы берік болсын дейміз. Елінің мақтанышы болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар