Өткен жылдың соңында Абай Бегей шығармашылығын қолға алып бейнебаян түсіргенін айтқан болатынбыз. Оны жарыққа шығармай жатып, әнші түрлі шақыртулар алып жатыр. Тіпті өзге мемлекетке. Мысалы, Монғолия.
Абай Бегей, әнші:
«Монғолияға жақында концертпен барғалы жатырмын. Бұйырса наурыз айының төрті күні. Ол жақта концерттеріміз басталады. Ол жақтан шақырту алдық».


Көрші мемлекетте Абай мырзаны халық хит әнімен таниды. Сондықтан, кештің аты солай аталады.
«Ол жақтағы қазақтар мені «аспанға қараймын» әнімен танығаннан кейін, концерттің атын «аспанға қараймын, жұлдызды санаймын» деп қойып жатырмыз».


Бегей мырза тек Монғолиямен ғана шектеліп қалмайды. Басқа да мемлекеттерге жол тартпақ.
«Енді Қытайдағы қазақтарға бізде выход бар. Бұйырса ол жаққа да барамыз. Және де
Өзбекстандағы Ташкенттегі қазақтарға да баратын ойымыз бар».


Алайда, бұл Абай мырзаның өзге мемлекеттегі алғашқы ән кеші емес. Бұған дейін де тәжірибесі бар. Бірақ, оны елге хабарламады.
«Осыдан екі жыл бұрын Куба мемлекетінде үш қаласында концерт бердік. 12 күн жүріп келдік. Бірақ мен ол информацияны Қазақстанда жіберген жоқпын».


Неге Абай мырза?
«Себебі бізде қазақтарда сол Кубамен инстаграм парақшасына салсаң, ой неге осы өзіміздің қазақтарға көмектеспейді? Осыларға не үшін көмексетеді екен деген көп комментарийлар кеткеннен кейін, ол концерттерді мен мүлдем инстаграмға салмадым, көрсетпедік».


Айтпақшы, құрметті көрермендер, «Абай Бегей біздің өңірге келмейді ма?»-деп уайымдамаңыздар. Өйткені, әнші 2018-ші жылды гастрольдік сапар жылы деп жариялауда.
Монғолиядан келгеннен кейін өзіміздің осы қалаларға, аудандарға концертпен шығамын бұйырса.


Жарайды, гастроль жайында айтып болсақ, көкейдегі бір сұрағымызды қойып қалайықшы. Абай мырза бейнебаяныңыз қалай болып жатыр?
«Мысалға мен 2008 жылдан бастап біраз клиптерді түсірдім. Ақтау қаласында түсірдім, Ташкентте түсірдім, Бишкекте, Алматыда да түсірдім. Бірақ ең ұнағаны осы клипім болды».


Абай Бегейдің көңілінен шыққан туынды келер айдың басында жарыққа шықпақ. Ендеше, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар