«Заман» тобының әншісі Әсет Қарабалинның отбасында үлкен қуаныш. Оның жары Ақбидай дүниеге шекесі торсықтай ұл алып келді. Иә, иә Әсет міне екінші рет әке атанып отыр. Арнамыздың тілшісі қуанышында шегі жоқ жас әкеге құттықтау үшін хабарласқан болатын. Сөйтсек, сәбиге есім әлі де қойылған жоқ екен. Бұндай жауапкершілікті жұмыс оның нағашыларына бұйырыпты. Сәби мен анасының жағдайы қазіргі таңда жақсы. Бүлдіршіннің салмағы 3,400 болса, бойы 52 см. Айта кетейік, Қарабалин 2015 жылы ұлан-асыр той жасады. Ал, 2016 жылдың жазында Раяна есімді сүйкімді қыздың әкесі атанды. Ендеше, Той Думан арнасы ұлыңыздың бауы берік болсын дейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар