Осыдан бірнеше ай бұрын Ғани мен Бота арнамызға келіп, жуырда «ренжіп қалма» атты әнге бейнебаян түсіргелі жатқандарын айтқан болатын. Уақыт өтіп жатыр, алайда нәтиже жоқ. Сондықтан, біз бұның мән-жайын білу үшін жарасымды жұпты жауапқа тарттық.
Ғани мен Бота, дуэт:
«Халықты ренжіткіміз келмесе де, солай болып жатыр. Оның бір себебі сол клиптегі басты рөлге 20 келді баламыз, соны түсірсек деген ниетіміз бар еді. Бірақ сол бала сәл ауырынқырап қалды».


«Алма ағашынан алыс түспейді», демекші ұлдары да өнер жолын таңдапты.
«Баламыз 20 жасқа келді. Чайковский атындағы музыкалық колледжді бітірді. Өнер жолына түсіп жатқан жайы бар. Бір әнді жасатып қойдық».


Қазіргі таңда жас әншілер өзің есімімен емес, лақап атымен сахнаны бағындырып, миллиондаған жанкүйердің ықыласына бөленіп жүр. Мысалы, Зируза, Айри, тағы да басқалары. Алайда, бұл трендтен Ғани мен Ботаның ұлы алшақтау.
«Өзінің аты Ерекше. Өзінің аты күшті ғой, Едіге деген».


Айтпақшы, «ренжіп қалма» атты әннен басқа жұпта туындылар аз емес. Өйткені, олардың авторы Бота ханымның өзі.
«Сүйем деші» тойский дыкс-дыкс ән жасаттық. Ботаның әні. Сөзі де, әні де Бота. Біз енді әнге кем емеспіз. Ән керек болып бара жатса, Ботаға шығарып жіберші, ту дим. Сосын Жақында үндінің әнін шығардық. Әні үндінікі, сөзін Бота қайта жазып шығарды».


Мхм, алайда бұл жерде плагиаттың исі шығып кетті.
«Рұқсатты Индияға барып ала алмай жатырмыз. Классика болған әндер ғой енді. Ескі фильм бар «Господин 420» деген. Сол жерде Радж Капур айтады. Енді бұрынғы ескі әндерге ондай рұқсат сұралмайды негізі заң бойынша».
Олай болса, жарайды. Жуырда Ғани мен Бота шынымен де бейнеклиптің түсіріліміне кіріспек. Әйтеуір бұл жолы уәделеріңізде тұрасыздар деп ойлаймыз. Сәттілік серік болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар