Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші рет рингте кездеспек. Бұл туралы бірнеше сағаттар бұрын белгілі болды. Жекпе-жек 5 мамыр күні өтеді. Головкинның айтуы бойынша, ол Альвареспен кездесуге дайын. Сонымен қатар, бірінші кездесуде төрешілердің бірнеше шешімімен келіспегенін айтып, бұл жолы міндетті түрде жеңімпаз атанатынына сенімін білдірді. Айта кетейік, олардың бірінші кездесу 2017 жылдың 19 қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталған болатын. Ендеше, еліміздің көк туын желбіретіп жүрген Головкинге сәттілік тілейміз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар