«Чип-чип-чип» деп тойларда ән салып жүрген Асхат Тарғын бұл жолы жұртты таңқалдырып мүлдем басқа бағыттағы әнге бейнеклип түсірді. Оның «Атамекен» туындысының шыққанына аз уақыт болса да, халықтың жүрегінен орын алып үлгерді.
Асхат Тарғын, әнші:
«Клиптің нәтижесі жаман емес. Халыққа ұнап жатыр. Өйткені біраз комментарийлар жазылып жатыр. Және енді көргендер біраз клиптің жақсы екенін айтып жатыр енді».


Әрине көбісі Асхат мырзаның таудай талаптары бар екенін ойламаған да шығар.
«Иә енді ешкім күтпеді. Сол жағынан біз енді шығармашылығыма сәл өзгеріс кіргізейік деп, сол қазақи түрде, сол әнге клип түсірген себеп қазақи түрде түсіргеніміз сол себеп».


Ал, жуырда әнші қайтадан тыңдармандарын қуантып, гастрольдік сапарға аттанбақ.
«Алдымыздағы ақпан айында 19-25 дейін БҚО-ның барлық аудандарын аралайын деп жатырмын».

Алайда, ән сапарға әнші жалғыз емес, досымен шығады.
«Бұл жерде жалғыз мен емес. Қасыма Абай Бегейді қосты. Өйткені бір әншіден гөрі, екі әншімен концерт қойған жақсы. Өйткені халық жақсы келеді».


Әрине ұзақ жолға жалғыз шықпаған дұрыс. Алайда, Асхат мырза ортақ табыспен қалай бөлісесіздер?
«Жоқ бұл жерде біз концертте табыс табу үшін жүрмейміз. Концертті өзіміздің гастрольдік сапарымыз. Ол жерде шыны керек, жол жүруімізден кәдімгі жол шығынымыздан артылып, асып кетпейді көп».
Ал, асып жатса, бірлесіп бейнебаян түсірсеңіздер болады. Ендеше, сәттілік!

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар