Шімән апа естеріңізде ме? Иә, иә бұрын соңды теледидардан көрген боларсыздар. Енді ол әнші болып кетті.Шімән апа «Сен келін болсаң инабатты» атты бейнебаянында барлығынан ақша жинап, міне миллионер атанды.

Аталмыш туындыны 2 аптаның ішінде миллионнан аса көрермен тамашалапты. Ененің рөлінде Шімән апаның өзі болса, жұлдызды келіндердің арасында біз Жанар Айжанова мен Мөлдір Әуелбекованы байқап қалдық. Жарайды, Шімән апаның бір сырын ашайық. Негізі оның келіндері жоқ, тіпті ол әйел емес. Иә, иә Шімән апаның рөлін ойнайтын актер Ерболат Төлегенов. Керемет емес пе? Бұл оның бірінші бейнеклипі. Осылайша, актер ене мен келіннің арасындағы қарым қатынасты, құрметті көрсеткісі келді. Ендеше, біз Шімән апаны құттықтаймыз. Осы миллион жететін болар? Балаларыңыздан тартып алмаңыз. Ал, жетпесе, Ернар Айдар сияқты рекорды жаңартуға болады.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар